Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Бокстан Қазақстан чемпионы азаматтығын ауыстырып, ұлттық құрамадан кетіп қалды

20.12.2023, 09:16
Бокстан Қазақстан чемпионы азаматтығын ауыстырып, ұлттық құрамадан кетіп қалды
instagram.com/vladislavakuhta/

Бокстан қыздар арасында Қазақстан чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері Владислава Кухта Венгрия азаматтығын алды. Енді сол елдің намысын ірі жарыстарда қорғайтын болады. Бұл туралы боксшының өзі Instagram желісінде жазған.

Владислава Кухта 2020 және 2022 жылдары ел чемпионатын жеңіп алған.

«Менің спорттағы дамуыма қатысты көп сұрақ туындады. Бұл жыл мен үшін тағдыршешті жыл болды десем болады. Өз еңбегімді, бапкерімнің еңбегін зая кетіргім келмеді, тәуекелге баруға бел будым. Бұл жылы қабылдаған ең қиын шешімім – спорттық азаматтығымды ауыстыру болды. Енді мен Венгрия намысын қорғайтын боламын. Ал, Қазақстан әрдайым менің жүрегімде. Жағдайды білетін адам түсінеді. Маған сенім артқан, мені түсінетін және қолдайтын баршаңызға алғыс айтамын», - деп жазды ол өз парақшасында.

«Наш Костанай» басылымына берген сұхбатында Владислава Кухта соңғы әлем чемпионаты мен Азия ойындарына ұлттық құраманың бапкерлері апармағанын айтады. Олар байрақты бәсекелерге Римма Волосенконы алып кеткен.

Венгрияның бокс федерациясы болса Владислава мен оның бапкері Ақзам Барлыбаевқа 2022 жылы шақырту жіберіпті. Алайда, ол кезде екеуі кетпей, ұлтты құрамада өнер көрсетуден үміттеніпті.

Кухта бүгінде Венгрия чемпионатына қатысып үлгерген. Ол ел біріншілігінде сөзсіз чемпион болған. Енді Олимпиада лицензиясын беретін халықаралық турнирге дайындалып жатыр.

Владислава Кухта 2021 жылы Азия чемпионатында күміс жүлде алса, 2015 жылы жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қола медальға ие болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам