ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Марқұм Шерзат Болат туралы айтқан боксшы бірден жоғары көтерілді

19.12.2024, 09:39

Ахмедов америкалық боксшыны нокаутпен жеңген еді

Марқұм Шерзат Болат туралы айтқан боксшы бірден жоғары көтерілді
instagram.com/sadriddin_____soq

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0, 12 KO) әлемдік рейтингте жоғары көтерілді.

Ол жақында АҚШ-тың Санта-Инез қаласында өткен Hollywood Fight Nights бокс кешінде америкалық боксшы Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) нокаутпен жеңген еді. Осыдан кейін әлемдік рейтингте 34-ші сатыдан 27-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов осы күні Геннадий Головкинмен жұмыс істеген командамен әріптестік орнатқан. Оның жекпе-жегін промоутер Том Леффлер ұйымдастырып, кездесуге Абель Санчес дайындады.
Рафаэль Игбоквені жеңген соң, отандасымыз Талғарда қаза тапқан Шерзат Болат туралы рингте өз ойын айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 67
Ұнамайды 3
Күлкілі 8
Ашулану 3
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам