Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ломаченконың үлкен спорттан кеткені туралы ақпарат жалған болып шықты

19.12.2024, 10:29

Ломаченко бұған дейін үш салмақта әлем чемпионы атанған

Ломаченконың үлкен спорттан кеткені туралы ақпарат жалған болып шықты
Getty Images

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, украиналық Василий Ломаченконың спорттық мансабын аяқтады деген ақпарат жоққа шығарылды.

Бұл туралы ақпарат бастапқыда журналист Майкл Бенсонның Х желісіндегі 1219 оқырманы бар сатиралық парақшасында жарияланған. Алайда журналистің негізгі парақшасында 315 мың оқырманы бар әрі ол мұндай шынайы ақпараттарды ғана жариялап келген еді. Бірақ журналист бұл аккаунтын The Ring журналына желтоқсан айында сатқан. Қазіргі уақытта бұл парақашаға Сауд Арабиясының адамдары иелік етеді.
 
Василий Ломаченко биыл мамыр айында IBF нұсқасында әлем чемпионы атанған болатын. Ол Аустралиялық Джордж Камбососты нокаутпен жеңген еді. Ал шілде айында боксшының менеджері Эгис Климас жыл соңына дейін демалатынын мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, Ломаченконың қазір бокс кешіне қатысуға аса ниетті емес екені айтылды. Ол сол себепті демалыс алып, отбасымен бірге уақытын өткізіп жүр. Спортшы үшін ақша басты мотивация емес көрінеді.
 
Сондай-ақ, промоутер Боб Арум боксшының жақын уақыттары шаршы алаңға оралатынын да айтады.
 
Ломаченко бұған дейін үш салмақта әлем чемпионы атанған. Оның салмағында басқа белдіктерді отандасы Денис Беринчик (WBO), америкалықтар Джервонт Дэвис (WBA) және Шакур Стивенсон (WBC) иеленген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам