ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Дамир Ысмағұлов бокстағы дебютін нокдаунмен бастады

21.12.2024, 01:43

Ол бұған дейін аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен

Дамир Ысмағұлов бокстағы дебютін нокдаунмен бастады
Фото ашық дереккөзден

UFC-дің бұрынғы өкілі Дамир Ысмағұлов кәсіпқой бокстағы дебютін өткізді.

Ресейдің қазағы Астанада өтіп жатқан Fight Nights Global турнирінде жекпе-жекке шықты. 

Дамир алғашқы айқасын ММА шебері бразилиялық Фелипе Майюге (ММА-дегі көрсеткіші 15-10) қарсы өткізді. Фелипе үшін де бұл кәсіпқой бокстағы бірінші айқасы. Төрт раундқа есептелген жекпе-жекте Ысмағұлов бразилиялықты төртінші раундта нокдаунға жіберіп, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске қол жеткізді. 

Сонымен қатар, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов та кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен бастады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам