Бірінші жекпе-жекте украиналық боксшы жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атанған еді
21 желтоқсанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта бокссүйер қауымның көптен күткен жекпе-жек кеші өтеді.
Кештің басты айқасы аса ауыр салмақ өкілдері Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы реванш болмақ. Боксшылар WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Тайсон Фьюри мен Александр Усик арасындағы реванштың жалпы жүлде қоры шамамен 200 млн доллар болмақ, нақтырағы – 191 млн доллар: британиялық TalkSPORT басылымы осылай жазып отыр. Сыйақының басым бөлігі, яғни 114 млн доллары Усикке бұйырса, 76 млн доллар Фьюридің қалтасына кетеді. Бұл – украиналық үшін рекордтық көлемдегі гонорар. Ол бұған дейін Джошуамен өткізген екі жекпе-жегі және Фьюримен алғашқы айқасын қоса есептегенде 191 млн доллардан сәл-ақ көп алған.
Тайсон алғашқы айқасы үшін 110 млн доллар алған, оның ішінде 65 млн доллары сыйақы болса, қалғаны телевизиялық көрсетілімдерден түскен пайда. Сөйте тұра Турки Әл аш-Шейх Усикті де ренжітпей, оған 40 млн доллар берген еді.