ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Сәкен Бибосынов аяғына ота жасатты

21.12.2024, 18:22

Ол соңғы жарыстарын сәтсіз аяқтаған

Сәкен Бибосынов аяғына ота жасатты
ҚБФ

Бокстан жақында өткен Азия чемпионатында жүлдесіз қалған Сәкен Бибосыновтың аяғына ота жасатқаны белгілі болды. Бұл туралы боксшы әлеуметтік желіде сурет жариялап, жауапты сынақтың сәтті өткенін мәлімдеді. 

«Ота сәтті өтті. Ер жігіттің басына нелер келіп, не кетпес», - деп жазды боксшы.

Белгілі болғандай Бибосынов сол аяғына ота жасатқан. Алайда, оның жарақатына не себеп болғаны әзірге түсініксіз. Бұған дейін ол жауырынынан ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт емделген болатын.

Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасынан қола жүлде иеленген соң, әлем чемпионатында топ жарды. Алайда, одан кейін Азия ойындары, әлем чемпионаты, Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалды. Жақында ол Таиландта өткен Азия біріншілігінің ширек финалында өзбек боксшысына жол берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам