Ол Олимпиада ойындарынан соң алғаш рет рингке шыққалы отыр
Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, өзбекстандық даңқты боксшы Баходир Жалолов (14-0, 14 КО) кәсіпқой боксқа біржола кеткенін хабарлаған болатын. Биыл ақпан айында ол кезекті жекпе-жегін өткізетін болды.
Өзбек боксшысы 6 ақпанда Канаданың Монреаль қаласында француз Дэвид Спилмонтпен (16-8-1, 11 КО) жұдырықтасады. Ресейлік neKARAte телеграм-каналы француздың әлеуетін бағалап отыр.
«Жалоловқа тағы да ыңғайлы қарсыласты таңдап беріпті. Ол 25 жекпе-жектің 16-да жеңіп, 8-де жеңілген, 1 рет тең түскен. Сирек кездесетін қапшық. Мұндай бокс спортшыға да, көрерменге де зиян. Эргашев менің сөзімді растайды», - деп жазды канал авторы.
Айта кетейік, Жалоловтың бұған дейінгі қарсыластарының барлығы кәсіпқой бокста ешқандай нәтижеге жетпеген бейтаныс боксшылар.