Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

WBA Иван Дычконы рейтингтен шығарып тастады

02.01.2025, 17:05

Ол желтоқсанда жоспарланған жекпе-жегіне шыға алмай қалған болатын

WBA Иван Дычконы рейтингтен шығарып тастады
Фото әлеуметтік желіден

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) 2024 жылдың бірінші қаңтары мен отыз бірінші желтоқсанға дейінгі көрсеткен нәтижелеріне негізделген жаңартылған рейтингті жариялады.

Бұған дейін Иван Дычко WBA рейтингінде 14-орында тұрақтаған еді. Алайда, жаңартылған кестеде спортшының есімі жоқ.

Айтулы тізімде қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (19-0, 13 КО) үшінші орынға жайғасса, Батыр Жүкембаев (21-1, 16 КО) 12-орында тұр.

Тағы бір отандасамыз Бек Нұрмағанбет (13-0, 11 КО) те өз салмағында 12-орынға табан тіреген.

Естеріңізге сала кетейік, Иван Дычко (14-0, 13 КО) 2024 жылдың 27 желтоқсанында Алматыда ресейлік Виталий Кудуховпен (7-2, 3 КО) жекпе-жек өткізу керек болған. Бірақ отандасымыздың оқу-жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты кездесу кейінге қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам