Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бивол мен Бетербиев реванш алдында көз түйістірді (ВИДЕО)

14.01.2025, 11:54

Бұл жолы боксшылар өзара қысқа ғана сөйлесті

Бивол мен Бетербиев реванш алдында көз түйістірді (ВИДЕО)
DAZN / видеодан кадр

Лондонда жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев пен экс-чемпион Дмитрий Бивол арасындағы алдағы реваншқа арналған ресми баспасөз отырысы өтті. Конференциядан кейін боксшылар алғаш рет дуэль-көзқарас жасап, жанкүйерлерге тартысты жекпе-жек өткізуге уәде етті.

Бұл жолы боксшылар өзара қысқа ғана сөйлесіп, алдағы жекпе-жекке қатысты дайындықтары туралы айтты.

«Сен мені хат тасушы деп ойлайсың ба? Біз рингте мықты жекпе-жек көрсетеміз. Менің хабарламам – дайын бол. Басқа айтарым жоқ», - деді Артур Бетербиев.

Ал Дмитрий Бивол болса «менің Артурға ешқандай хабарламам жоқ, себебі мен хат тасушы емеспін. Біз рингке шығамыз. Нәтижені сондағы іс-әрекетіміз көрсетеді» деп жауап берді.

Аталған реванш айқасы 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтпек.

Естеріңізде болса, қос боксшы өткен жылдың қазан айында кездесіп, 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің көпшілік шешімімен Артур Бетербиев жеңіске жеткен болатын. Сол жолы Бетербиев WBC, WBA Super, IBF, WBO, IBO және The Ring белбеулеріне қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам