Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жәнібек Әлімханұлының рингке оралатын уақыты белгілі болды

15.01.2025, 09:34

Тек осыдан кейін ғана ол кезекті чемпиондық белбеу үшін таласа алады

Жәнібек Әлімханұлының рингке оралатын уақыты белгілі болды
TopRank

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жінібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) рингке оралатын уақыты айтылды.

Brunch Boxing сайтының мәліметінше, Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі биыл наурыз айында өтеді. Ол ESPN телеарнасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінің басты хедлайнері болмақ. Жекпе-жектің нақты қай күні және қай жерде өтетіні қосымша хабарланады. Сондай-ақ, Жәнібектің қарсыласы туралы да әлі ақпарат жоқ.

Айта кетейік, былтыр қазан айында жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутпен жеңгеннен кейін қазақ боксшысы британдық Хамза Ширазбен (21-0, 17 KO) жұдырықтасуы керек болған. Алайда, Шираз бұл жекпе-жекті қызықсыз деп тауып, қазақты доминикалық Карлос Адамеске (WBC чемпионы) алмастырды.

Енді наурызда Жәнібек жеңіске жетер болса, WBA чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) немесе Адамес – Шираз жұбының жеңімпазымен жекпе-жек өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам