Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Назым Қызайбай Витастың танымал «Опера №2» әнін орындады (ВИДЕО)

16.01.2025, 10:26

Бұған дейін ол «Маска» шоуына қатысқан еді

Назым Қызайбай Витастың танымал «Опера №2» әнін орындады (ВИДЕО)
instagram.com/nazym_kyzaibay09/

Қыздар боксынан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай соңғы кездері әншілік қырын көбірек қырын байқатып жүр.

Бұған дейін әлемге әйгілі «Маска» шоуының қазақстандық жобасына қатысып, бір таң қалдырса, осы жолы дауыс диапазонын қажет ететін Витастың Опера №2 әнін орындап шыққан.

Видеода Назымның ән қайырмасын орындаған сәті жоқ. Боксшы бұл видео 999 лайк жинаса ғана көпшілікке жалғасын көрсетуге уәде берген.

Еске салсақ, Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ әйелдер құрамасының капитаны болып тағайындалды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам