Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасына қатысты мәлімдеме жасады

16.01.2025, 11:04

Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 2024 жылғы 4 қазанда шыққан

Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасына қатысты мәлімдеме жасады
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желіде жазба жариялап, келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Жекпе-жек уақытын білемін. Жақында көрісеміз, жігіттер», - деп жазды боксшы Х-тегі парақшасында.

Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып (Аустралия), жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен ұтты, сол арқылы өз чемпиондық атақтарын қорғады.

Ал кейбір БАҚ өкілдері Әлімханұлы наурызда айқас өткізеді деген ақпарат жазған. Алайда оның менеджері Берік Сұлтан бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам