ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

«Есінен танып қалады». Британиялық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлына не істейтінін айтты

22.01.2025, 14:58

3 жыл бұрын Жәнібек Әлімханұлына есе жіберген Бентли чемпион болатынына сенімді

«Есінен танып қалады». Британиялық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлына не істейтінін айтты
allboxing.ru

Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) 2022 жылдың соңында орта салмақта WBO чемпионы атағына таласып көріп, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) ұпай саны бойынша есе жіберді. Отандасы Бред Полсты жеңген соң қайта үміткер атанған Бентли бұл жолы чемпиондық атақты тартып алатынына сенімді.

«Әлем чемпионы атағына тағы таласқым келеді. Жәнібекпен екінші рет кездесуге дайынмын – бұл жолы даярлық әлдеқайда жақсы, тәжірибем толысты, одан не күтуге болатынын біліп алдым. Ол керемет боксшы. Бірақ оның дамып жатқаны сезілмейді. Оның деңгейі артып жатыр деп ойламаймын. Ал мен өз шыңыма енді шығамын.

Ол әлемдегі үздік орта салмақ өкілі. Бірақ ол белсенді емес. Оның үзілістері тым ұзақ. Ол айқас уақыты белгіленгенде ғана залға келіп жаттығады. Әрине, лагерьді бастап, жаттығу жасай алу жақсы ғой. Бірақ екеуміз кездескелі ол небәрі екі-ақ рет жұдырықтасты. Егер сен белсенді болмасаң, онда қалай дамисың? Ол үнемі залда жүретіндердің қатарынан емес, салмағын ұстап тұру үшін бар күшін сарп етіп, есінен танып қалып жатыр», - деді британиялық боксшы.

Бентли Әлімханұлына салмақ ауыстыруға кеңес берді.

«Ол өз салмағынан өсіп кетті. Егер салмақ ауыстырса, бәлкім оны басқа қырынан танитын шығармыз. Бірақ әзірге ешқандай даму көріп тұрған жоқпын. Ол салмақ дәрежелері арасында қалып қойды. Шешім қабылдамас бұрын титулдарды біріктіріп алу үшін жанталасып жатыр. Оның сүрініп кететіні сөзсіз», - деді ол.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам