ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Минсктегі оқиға: маскүнем жанкүйерлер, Ұлы Жеңіс және масқара жеңіліс

Өзбек журналистері Жалоловтан алты рет жеңілген Қамшыбек Қоңқабаевқа алғыс айтты

22.01.2025, 14:36

Рингтен бөлек, қазақ боксшысының адамгершілік қасиеті де жоғары екенін атап өтті

Өзбек журналистері Жалоловтан алты рет жеңілген Қамшыбек Қоңқабаевқа алғыс айтты
©Данияр Майлыбаев

Осыдан бірнеше күн бұрын бокстан құраманың экс-капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың карьерасын аяқтағаны белгілі болды. Талай жылдан бері аса ауыр салмақта жұрт Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов айқасын асыға күтетін.

Париж ойындарынан соң Жалолов та әуесқой бокспен қоштасып, біржола кәсіпқой боксқа бет бұрғанын алға тартты. Ол қазір кезекті айқасына шығу үшін АҚШ-та жаттығуын бастап кеткен. Осы орайда Өзбекстанның Sports.uz сайты екі алыптың ғана емес, жалпы қазақ-өзбек текетіресі қашан да ерекше бақылауда екенін тілге тиек еткен. Екеуара жекпе-жектерді футболдағы эль-класикоға теңеген.

«Футболдан «Эль-Класико» мен «Милан дербиі» өте танымал және көпшілік оны асыға күтеді. Себебі бұл текетірестер футболдың шеберлігін арттырып, жаңа деңгейге шығарады. Әуесқой бокста да «Эль-Класико», «Орталық Азия дербиі» сынды терминдер жиі қолданылады. Бұл әсіресе өзбек пен қазақ боксына тікелей қатысты.

КСРО тарағаннан кейін, Өзбекстан мен Қазақстан спортшылары жазғы Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты, Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болды. Бастапқыда Қазақстан Олимпиадада жақсы нәтижелер тіркесе, кейінгі 10 жылдықта Өзбекстан боксшылары әлемде мықтылығын мойындатып келеді. Бокстағы алпауыт саналған Куба, Ресей, Украина елдерін Өзбекстан мен Қазақстан қуып жетіп қана қоймай, басып озды.

Осы уақытқа дейін қос елдің біршама текетірестеріне куә болдық. Өткен жылдары Нариман Отаев – Нұржан Сманов, Рустам Саидов – Мұхтархан Ділдәбеков, Эльшод Расулов – Әділбек Ниязымбетовтың жекпе-жектер сериясын тамашаласақ, солардың ішінде ең ұзаққа созылғаны Баходир Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың арасындағы айқас. Өзара нәтиже – 7:3, әрине Баходирдің пайдасына. Алайда дәл осы Қамшыбек лайықты қарсылас болды. Сондықтан оның спорттық мансабын аяқтауын елеусіз қалдыра алмаймыз.

Егер қазақ боксшысының өткен жолына назар аударсақ, айтарлықтай жетістікке жеткеніне куә боламыз. Ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 мәрте әлем чемпионатының күміс медалін, 4 мәрте Азия чемпионатының күміс медалін еншіледі. Сондай-ақ жазғы Азия ойындары мен әлемдік әскери ойындарын да екінші орынға тұрақтады.

Керемет нәтиже ме? Алтын болмады демесек, керемет нәтиже. Осынша жүлдені көптеген боксшылар армандайтыны анық. Қамшыбек көптеген финалдарында дәл осы Баһадүрге лайықты шеберлік көрсетіп, есе жіберді. Рингтен бөлек, қазақ боксшысының адамгершілік қасиеті де жоғары.

Қысқаша айтқанда, Баһадүр Жалолов әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысса, Қамшыбек Қоңқабаев ресми түрде бокспен қоштасты. Осылайша, өзбек-қазақ боксында тағы бір аңыздар кетті».

Айта кетейік, Баходир Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев өзара 9 рет кездесіп, алтауында өзбек боксшысы жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам