Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын өткізеді

24.01.2025, 14:48

Спортшы 23 ақпанда Ақтау қаласында айқасқа шығады

Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын өткізеді
Okg.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі  Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін болды. 

Meta-ratings.kz-тің жазуынша, спортшы ақпан айының 23-і күні Ақтау қаласында айқасқа шығады. 

«Ақтау қаласында Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі дебюті өтеді. Бұл 6 раундтық жекпе-жек болады. Қарсыласы ресми түрде кейінірек жарияланады. Қазір Нұрқанаттың кәсіпқой боксқа толық ауысатыны туралы айтуға әлі ерте. Ол әуесқой бокста да өнер көрсетуді жалғастыруы мүмкін, - деді менеджері Жанпейіс Назарғали.  

Нұрқанат Райыс 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде алды. Сондай-ақ, 75 келіде чемпионатының жеңімпазы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам