Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Джервонта Дэвис ислам дінін қабылдап, есімін өзгертті

28.12.2023, 14:06

Ол әліге дейін жеңіліп көрмеген боксшылардың қатарынан

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Джервонта Дэвис ислам дінін қабылдап, есімін өзгертті
sports.ru

WBA нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы Джервонта Дэвис (29-0, 27 KO) ислам дінін қабылдады. Енді оның есімі Абдул Уахид. 

Даңқты боксшының мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Ол өзінің туған жері Балтимор қаласынан қаңыраған үлкен ғимаратты сатып алып, ол жерді мұқтаж жандарға баспана ретінде жөндеп бермекші.

Айта кетейік, Дэвис кәсіпқой боксқа 2013 жылы келіп, 2017 жылы екінші жартылай жеңіл салмақта IBF тұжырымының чемпионы болды. 2019 жылы жеңіл салмақта WBA чемпиондық титулын жеңіп алса, 2021 жылы алғашқы жартылай орта салмақта WBA чемпионы болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам