![Алуа Балқыбекова Олимпиада алдында Назым Қызайбаймен ренжісіп қалғанын айтты](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/11/67aae0969a54b320491583.jpg)
Қос боксшы бір залда жаттығу жасайды
Қыздар боксынан Азияның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекова ұлттық құрамадағы құрбысы Назым Қызайбаймен ренжіскені туралы айтты.
Журналист Ақырыс Сейтқазыға сұхбат берген боксшы Париж Олимпиадасы алдындағы бәсекелестікке қатысты пікірін де айтқан. Қос боксшы былтыр 50 келіде өнер көрсеткен болатын. Лицензиялық турнирге бару үшін болған спаррингте Назым Алуаны жеңген.
«Олимпиадаға дейін Назымның да, менің де тарапымнан реніш болды. Дегенмен, екеуімізге де мүмкіндік берілді. Арамызда спарринг өтті. Спорт болған соң бәрі өзінің бағын сынап көргісі келеді. Бастысы Назым жүлдемен оралды. Екеуіміздің де бапкеріміз бір болғандықтан бұл ортақ жеңіс», - деді Алуа Балқыбекова.
Париж Олимпиадасына жолдама алған Назым Қызайбай төртжылдықтың басты жарысында қола жүлдегер атанған болатын. Жартылай финалда ол Қытай боксшысына есе жіберген.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас арасында да дау болған еді. Кейін Лукас кәсіпқой боксқа ауысып кетті.