Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Иман Хелифтің жыныса қатысты тағы дау шықты: IBA ХОК-тың үстінен шағымданбақшы

11.02.2025, 14:44

Ресейліктер басқаратын ұйым боксшының жүлдесін кері қайтару керек деп талап етіп отыр

Иман Хелифтің жыныса қатысты тағы дау шықты: IBA ХОК-тың үстінен шағымданбақшы
olympics.com

Қыздар боксынан Париж Олимпиадасының чемпионы болған алжирлік Иман Хелифтің басынан дау арылар емес. Боксшының қыз емес, ер адам екенін бірнеше рет мәлімдеген IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) енді осы жайтқа қатысты ХОК-тың үстінен шағымданбақшы.

IBA Иман Хелиф пен тайбэйлік Линь Юйтиннің Париж Олимпиадасына қатысуына әуелден-ақ қарсылық білдірген. Өйткені, қос боксшы да әлем чемпионаты алдында гендерлік тесттен өте алмай, жарысқа жіберілмеген болатын. Яғни, олардың ағзасында ер адамның гормондары болған.

Соған қарамастан Халықаралық Олимпиада комитеті екеуін де Париждегі Олимпиадаға қатыстырып, нәтижесінде екеуі де Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

«Иман Хелиф пен Линь Юйтиннің дисквалификациясы бар екеніне, біздің алдын ала жолдаған ескертуімізге қарамастан ХОК олардың Париж Олимпиадасына қатысуына рұқсат беріп, нәтижесінде екеуі де чемпион атанды. 

IBA Швейцарияның Бас прокуратурасына ХОК-тың үстінен арыз жолдайды. Басты себеп – Париж Олимпиадасына қатысуға құқығы жоқ спортшылардың қатысуына рұқсат беруі. Швейцариялық заңға сәйкес, қатысушылардың өміріне қауіп төндіретін кез келген әрекет тексеруді талап етеді және қылмыстық істің қозғалуына себеп болуы мүмкін. Дәл осындай арызды АҚШ пен Францияның бас прокурорларына да жолдайтын боламыз», - делінген IBA таратқан ресми ақпаратта.

IBA президенті Умар Кремлев те бұған дейін аты аталған қос боксшының қыз екеніне күмән келтірген. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам