Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Ресейліктер украиналық даңқты боксшы Александр Усикке шабуыл бастады

12.02.2025, 00:33

Орыстарға украин боксшысының діни көзқарасы ұнамай қалған

Ресейліктер украиналық даңқты боксшы Александр Усикке шабуыл бастады
Getty Images

Ресейлік боксшы, Еуропа чемпионы Артем Чеботарев украиналық даңқты кәсіпқой боксшы, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усикті қатаң сынға алды.

«Мен өз идеяларына сатқындықты ұнатпаймын. Өйткені, Усик алғашында өзінің ең таза православ дінінде екенін айтты. Ол барлық жекпе-жектерге крестпен шығып жүрді. Ал, Украина үкіметі православ шіркеуімен соғысып жатқанда, Усик қайда кетті? Неліктен ол православ дінінің өкілдерін қолдап, қорғамайды? Мықты болсаң шықдықты айт. Сол кезде нағыз қаһарман боласың. Сондықтан жақсы боксшы болу батыл болу дегенді білдірмейді. Бұл екеуі екі түрлі нәрсе. Негізі, көбіне мұндай қасиет бір адамның бойынан табылып та жатады. Бірақ, Усикте олай емес екен», - деді Чеботарев РИА Новостиге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ресей әскері Украинаға соғыс ашқаннан кейін ресми Киев елдегі орыс православ шіркеулерін жабу туралы шешімге келген. Өйткені, шіркеу қызметкерлері Ресей арнайы қызметінің пайдасына тыңшылық жасайды деген күдікке ілінді. 

Ал, Александр Усик алғашқы ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы. Ал, аса ауыр салмақта WBC, WBA, WBO, IBO және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам