Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Салмақ қуып әлсіреп қалған»: Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенавидес туралы айтты

18.02.2025, 15:06

Қазақ боксшысының өзі келесі жекпе-жегін Астанада 5 сәуірде өткізеді

«Салмақ қуып әлсіреп қалған»: Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенавидес туралы айтты
Top Rank

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы  (16-0, 11 КО) WBC тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) туралы пікір білдірді.

Бенавидес 1 ақпан күні кубалық Дэвид Моррельмен (11-1, 9 КО) кездескен болатын. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтіп, ұпай санымен америкалық жеңіске жеткен. Осы кездесуден соң Әлімханұлы әлеуметтік желіде Бенавидесті өзімен жұдырықтасуға шақырды. Сосын бұл жекпе-жек туралы Sports Illustrated басылымына сұхбат берді.

«Бенавидестің Дэвид Моррельмен жекпе-жегін көрдім. Жалпы, чемпиондық белбеуге ие боксшылар рингке шықса, міндетті түрде тамашалаймын. Сосын оларға баға беремін. Стильдерін қараймын, қандай артықшылықтар бар екенін салыстырамын. Бенавидес жақсы жұдырықтасып шықты. Дегенмен, салмағын азайту оның күшіне әсер етті деп ойлаймын. Оған күш жетіспеді. Менің ойымша, бұл салмақ қуумен байланысты, - деді «Qazaq Style».

Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 5 сәуірде шығады. Оның келесі жекпе-жегі Астанада өтеді деп жоспарланған. Қарсылас франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) болмақ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам