Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қырғызстанда боксшы Мунарбек Сейітбекұлы туралы фильм түсіруді бастады

18.02.2025, 15:16

Актерлар құрамы жасақталып, түсірілім басталып кеткен

Қырғызстанда боксшы Мунарбек Сейітбекұлы туралы фильм түсіруді бастады
olympics.com

Қырғызстан тарихында бокстан алғашқы Олимпиада жүлдегері атанған Мунарбек Сейітбекұлы туралы фильм түсіріліп жатыр. Бұл туралы боксшының жеке менеджері 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Мунарбекке мемлекеттік наградалар табысталып, бағалы сыйлықтар тарту етілді. Енді қырғыз спортының тарихына өз есімін алтын әріппен жазған боксшы туралы фильм түсіріледі.

«Мунарбекке арналған фильмнің түсірілімі басталып кетті. Киноға түсетін актерлар құрамы да анықталды. Осы жоба аясында боксшы ешқандай БАҚ-қа сұхбат бере алмайды, келісімшартта солай көрсетілген. Сондықтан фильмнің не туралы болатынын әзірге айта алмаймыз», - деді менеджер.

Айта кетейік, толықметражды киноны «Қырғызфильм» ұлттық  киностудиясы түсіріп жатыр. 

Мунарбек Сейітбекұлы 2024 жылы Париж Олимпиадасында финалға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болған. Финалда ол өзбек боксшысынан жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам