Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Аргентиналық даңқты боксшы жантүршігерлік жол апатына ұшырап, аман қалды (ВИДЕО)

20.02.2025, 02:00

Оған жанындағы командаластары көмектескен

Аргентиналық даңқты боксшы жантүршігерлік жол апатына ұшырап, аман қалды (ВИДЕО)
Getty Images

Кәсіпқой бокстан жартылай орта және аса жеңіл салмақтарда WBA тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Маркос Майдана бір өлімнен аман қалды. Ол жантүршігерлік жол апатына ұшыраған.

41 жастағы боксшы BMW 647-R1300 GS маркалы мотоциклімен Renault Clío RT көлігімен соқтығысқан. Маркос мотоциклімен шұңқырға ұшып кетеді, ал қираған қызыл көлік жолда қалды.

Майдананың бақытына орай, қасында командасы болған. Солар бірден көмек көрсетті. Сөйтіп, боксшы ауыр жарақаттан аман қалды. Бірақ ауруханаға түсер алдында ол дәрігерлерге арқасы мен аяғының ауырғанына шағымданған.

«Маркос Майдана бүгінгі апаттан аман-есен шықты. Осы сәтте дұға тілеп, тілектерін білдірген әлемдегі жанкүйерлеріне алғыс айтамыз. Барлығыңызға рахмет», - делінген аргентиналық Chino Promotions компаниясының ресми мәлімдемесінде.

Аргентиналық боксшы 2014 жылы Флойд Мейвезермен қатарынан екі рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалған болатын. Содан кейін бокстағы мансабын аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам