Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Данияр Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз. Жекпе-жекке өтпей қалуы мүмкін бе?

19.02.2025, 10:56

Боксшының менеджері арнайы мәлімдеме жасады

Данияр Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз. Жекпе-жекке өтпей қалуы мүмкін бе?
ALL STARS BOXING

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс. Алайда, бұл шараға санаулы күндер қалса да, турнирді ұйымдастырушылар Елеусіновтің қарсыласын әлі жарияламады. 

Осыған байланысты Boxing Stars компаниясының басшысы Зия Алиев мәлімдеме жасады.

«Тек Данияр ғана емес, кез келген боксшы үшін мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Бізде бір кездері Елеусіновтің денсаулығына байланысты жаттығу бастау мүмкіндігі болмады. Дегенмен, ол кейін дайындықты қайта жалғастырды, қазір бәрі дұрыс сияқты. Осыған байланысты бірнеше қарсылас жекпе-жектен бас тартты. Біз жағдайдың анық-қанығын білу үшін күтуге мәжбүр болдық. Енді алдағы бір-екі күн ішінде қарсыласын ресми түрде жариялаймыз», - деді Алиев.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйекте Алматыда өткізді. Сол кеште ол филиппиндік боксшы Джое Нойнаймен (23-5-2, 11 KO) жұдырықтасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам