Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Странджа» турнирінде еліміздің төрт боксшысы жартылай финалына өтті

27.02.2025, 20:05

Екі боксшы жарыс жолынан шығып қалды

«Странджа» турнирінде еліміздің төрт боксшысы жартылай финалына өтті
ҚБФ

Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасының төрт боксшысы жартылай финалға шықты. Сондай-ақ, тағы екі боксшы жарысты ары қарай жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.

48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 51 келіде Даниал Сәбит, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллин мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шыққаны белгілі болды.

Ширек финалда жұдырықтасқан Теміртас әзірбайжандық Субхан Мамедовті 4:1 есебімен жеңсе, Даниал Сәбит грузиялық Давит Джапаридзені 5:0 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ, ол қарсыласын үшінші раундта бір рет нокдаунға түсірді.

Ертуған Зейнулин ширек финалда әзірбайжандық Руслан Рустамовты жеңіп, 4:1 есебімен өз шеберлігін көрсетті. Ал Мұхаммедсабыр ширек финалда ирландиялық Джейсон Невинге өзінің мықтылығын толық мойындатты. Бұл кездесуде төрешілер 5:0 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Бұдан бөлек, 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов болгар боксшысы Тинко Банабаковтан басым түсті. Басынан ауыр жарақат алған қарсыласы екінші раундта кездесуден бас тартқан.

Павлодарлық Серік Теміржанов (60 кг) турнир барысында ирландиялық боксшы Риз Оуэнстен айласын асырып, 5:0 ұпайымен келесі кезеңге жолдама алды.

Бұған дейін 48 келіде Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты бірінші кездесуде жекпе-жекті тоқтатқан болатын. Сондай-ақ, Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Странджа халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе жегіне шықпайтыны айтылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам