Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өзбектің танымал боксшысы Абдумалик Халоков кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті

01.03.2025, 13:21

Ол 2024 жылы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын

Өзбектің танымал боксшысы Абдумалик Халоков кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті
Getty Images

Болгариядағы Странджа кубогіне келіп тұрып қатыспай кеткен өзбекстандық Абдумалик Халоков Испанияда жекпе-жек өткізді.

Айта кетейік, Странджа кубогінің бірінші айналымында Халоков қазақстандық Серікжан Теміржановпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда, өзбек боксшысы аяқасты Испанияға кететінін айтып, бұл кездесуден бас тартқан еді.

Испания өткен кәсіпқой бокс кешінде Халоков жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы венесуаэлалық Марлемброн Акунья болды. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланғанмен, үшінші раундта Халоковтың жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, 2024 жылы Париж Олимпиадасында чемпион болған өзбек боксшысы кәсіпқой бокстағы дебютін 2023 жылы жасаған болатын. Ол кезде Халоков украиналық Александр Егоровты жеңген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам