Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мейірім Нұрсұлтанов пен Карлос Адамес екі айдан кейін жекпе-жек өткізуі мүмкін

02.03.2025, 12:29

Сарапқа WBC чемпиондық белбеуі салынады

Мейірім Нұрсұлтанов пен Карлос Адамес екі айдан кейін жекпе-жек өткізуі мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.

Доминикалық боксшы жуырда ғана титулын қорғау үшін британдық Хамза Ширазбек (21-0-1, 7 КО) жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек тең аяқталып, WBC Адамеске өзге боксшымен титулды қайта қорғауды міндеттеді. Ал, ESPN инсайдері Сальвадор Родригестің айтуынша, бұл жекпе-жекке негізгі кандидат – қазақ Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) болып отыр.

«Мен панчерлердің өзін тығырыққа тіреймін. Тек екі боксшы ғана менімен соққы алмасып жұдырықтасты, олар – Деревянченко мен Монтьель. Міне сіздерге нәтиже. Ал, кім менімен WBC белбеуі үшін жұдырықтасқысы келеді, мен 8 аптадан кейін дайын боламын», - деп жазды Адамес өзінің X-парақшасында.

Карлос Адаместі өзге қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы соңғы екі жылдан бері жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда, доминикалық боксшы Qazaq Style-мен рингке шығуға асығар емес.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам