
Финалдық кездесулер бүгін өтеді
Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінің» финал қарсаңында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай отандасына жол берді. Яғни, ол жекпе-жекке шықпайды.
Еске салсақ, турнирдің 86 келіге дейін салмақтағы финалына Нұрбек Оралбай мен Бекзад Нұрдәулетов шыққан болатын. Алғашқысы соңғысына жол берді. Сөйтіп Бекзад мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал, Париж Олимпиадасынан кейін алғашқы жарысына қатысқан Нұрбекке күміс жүлде бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін екі боксшы өзара үш рет кездесіп, екеуінде Нұрдәулетов жеңіске жеткен болатын. Енді бұл есеп 3:1-ге жетіп отыр.