
Еліміздің әйелдер құрамасы жалғыз алтын медаль иеленді
24 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанадасында өткен «Странджа» турнирінде аса ауыр салмақта топ жарған қазақстандық Ләззат Күнгейбаева өзінің жетістігі туралы айтты.
+81 келіде өнер көрсететін ол жарыс барысында өзін жақсы сезініп, барлық мүмкіндігін оңтайлы пайдалана алған. Турнир жеңімпазы бұл сындағы ең басты олжасы туралы да атап өтті.
«Құдайға шүкір. Еш жарақат алмастан, бетімді көгертпей бокстастым. Бүгін елге ораламыз. Маған тілеулес болып, жанкүйерлік танытқан жандарға алғысым шексіз», - деді Ләззат Күнгейбаева.
Айта кететін жайт, Софияда 76-шы рет өткен сында еліміздің әйелдер құрамасы жалғыз алтын медаль иеленсе, тағы алты боксшы күміс, 8 бұрымды спортшымыз қола жүлдеге ие болды. Сонымен бірге, ерлер құрамасы 18 жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте көш бастады.