Әйелдер құрамасынан әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды

03.03.2025, 19:52

Әйелдер құрамасы «Странджа» турнирінде 15 медаль иеленді

Әйелдер құрамасынан әлем чемпионатында ел намысын кім қорғайды
ҚБФ

Наурыз айының 9-16 күндері Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық құрама мүшелері анықталды.

Бас бапкер Елдос Сайдалин қазір ұлттық құраманы біріншілікке дайындап жатыр.

Олардың қатарында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бары белгілі болды.

48 келі: Назым Қызайбай

50 келі: Алуа Балқыбекова

52 келі: Анита Адишева

54 келі: Жайна Шекербекова

57 келі: Карина Ибрагимова

60 келі: Виктория Графеева

63 келі: Аида Абикеева

66 келі: Жасмин Кизатова

70 келі: Наталья Богданова

75 келі: Надежда Рябец

81 келі: Гулсая Ержан

+81 келі: Елдана Талипова

Еліміздің әйелдер құрамасы осыған дейін «Странджа» турнирінде 15 медаль иеленген еді. Олардың қатарында Ләззат Күнгейбаева +81 келіде топ жарса, алтауы күміс, сегізі қола жүлдемен елге оралды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды1
Ұнамайды0
Күлкілі1
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам