Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Данияр Елеусінов жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Бүгін, 09:49

Боксшы 28 ақпан күні рингке неліктен шықпағанын түсіндірді

Данияр Елеусінов жанкүйерлерінен кешірім сұрады
әлеуметтік желі

 

Олимпиада чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 28 ақпан күні айқасының өтпеу себебін түсіндірді.

Естеріңізде болса, жекпе-жек Астана қаласында ұйымдастырылуы керек еді. Алайда қарсылас соңына дейін белгісіз болған, бұл тыңғылықты дайындық жасауды қиындатқан. Одан қалды АҚШ-қа сапары да оның бабына еніп үлгермеуіне себеп болған.

«28 ақпан күні шаршы алаңға шығуым керек болған. Соңына дейін қарсылас та белгісіз болды. Бұл жерде All Stars-тың еш кінәсі жоқ, бәрін ұйымдастырғысы келді. Мен де рингкте өнер көрсеткім келді. Бірақ маған АҚШ-қа бару керек еді. Ары-бері жүру біраз уақыт алды, одан қалды джетлаг тағы бар. Уақыь белдеуіне үйренуің керек дегендей. Шаршы алаңға соңына дейін шығамын деген жоспар болды, алайда бабым дұрыс болмағандықтан, жекпе-жекті кейінге шегеру туралы шешім қабылдадым», - деді Елеусінов.

Боксшы жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

«Менің жекпе-жегімді көремін деп келген барша жанкүйерімнен басымды иіп кешірім сұраймын. Келесі жолы сақадай сай боламын», - деп сендірді Данияр.

 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам