Бокс жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының бағдарламасына қосылды

06.03.2025, 16:22

Әзірге жарыс форматы белгісіз

Бокс жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының бағдарламасына қосылды
ҚБФ

Азияның Олимпадалық Кеңесі биыл Бахрейнде өтетін III жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындарының бағдарламасына бокс енгізілгенін ресми мәлімдеді.

Бұған дейін жасөспірімдердің жарыс бағдарламасында бокс бәсекесі жоқ болған еді. Бұл мәселе бойынша жаңадан құрылған World Boxing федерациясының ХОК тарапынан уақытша мойындалуы және аталмыш ұйымның осы бағытта жұмыс істеуі себеп болып отыр.

Әзірге жарыс форматы мен іріктеу кезеңі жайында қосымша ақпарат алда жарияланбақ.

Жасөспірімдер арасындағы Азия Ойындары алғаш рет 2009 жылы Сингапурда, ал 2013 жылы Қытайда өткізілген. Бұл ойындарда 18 жасқа дейінгі жастар қатысатын Азия құрлығының төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын маңызды жарысы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам