
Оның қарсыласы бұған дейін 19 рет жеңілген болатын
Өзбекстан атынан сынға түсетін этникалық қазақ Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Қандасымыз АҚШ-тың Калифорния штатында өткен бокс кешінде мексикалық Валенсуела Альвараны екінші раундта-ақ ұрып құлатты.
Өзбекстан құрамасында өнер көрсеткен Руслан Абдуллаев Париж Олимпиадасының қатысушысы. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған. Бұдан бөлек, Азия чемпионы. Ол биыл қаңтар айында өткен Өзбекстан біріншілігінде чемпион атанған.
Ол Париж Олимпиадасында өз салмағында басты фавориттердің біріне баланған. Алайда, жүлдеге қол жеткізе алмады. Өзбекстанда дүниеге келіп, сол елде бокспен айналысып биікке шыққан спортшы алда кәсіпқой рингте әлем чемпионы болуды көздейді.