
Екеуінің әлеуметтік желі арқылы жанжалдасып жүргеніне екі жылдан асты
Кәсіпқой бокста орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы доминикалық Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын айыптап отыр. Айтуынша, қос бірдей чемпиондық белбеудің иесі (WBO және IBF) онымен жұдырықтасудан қашып жүрген көрінеді.
«Оны боксшы деп айтуға келмейді. Ол қорқақ. Өзі де, оның промоутері де. Екеуі де – популистер. Басқаша қалай атауға болатынын білмеймін. Мен оларға жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жібергенмін. Сондықтан ол менімен төбелесе алатын. Тек қол қойса болғаны. «Маған келісімшарт жібер» деп айғай салады, бірақ келісімшарт жібергенімізді өзі жақсы біледі. Ал, бұл балапан қағазға қол қоймай қойды, сөйте тұра әлі сөйлеп жүр. Ол менімен төбелеспейтінін жақсы біледі, себебі қорқады. Спаррингке қарағанда, жекпе-жекте әлдеқайда қиын болатынын біледі», - деді Адамес Broadway Joel-ге берген сұхбатында.
Адамес пен Әлімханұлының әлеуметтік желі арқылы жанжалдасып жүргеніне екі жылдан асты. Екеуі де бірін-бірі жекпе-жекке шақырғанымен, тараптар ортақ шешімге келе алар емес.
Qazaq Style 5 сәуірде Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ал, Адамес жуырда ғана титулын қорғау үшін британдық Хамза Ширазбек жұдырықтасып, тең түсті.