Назым Қызайбай ширек финалға шықты

12.03.2025, 18:52

Енді венесуэлалық боксшы Седено Рохас Тайониспен рингте кездеседі

Назым Қызайбай ширек финалға шықты
Видеодан кадр

Назым Қызайбай ширек финалға шықты. Отандасымыз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Париж Олимпиадасында қола медаль алған қазақстандық боксшы Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесуде отандасымыз словак қызы Николь Дурикованы үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.

Ширек финалда Назым венесуэлалық боксшы Седено Рохас Тайониспен рингте кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам