
Боксшы қыз жанкүйерлерін таңқалдырды
Үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай оң қолының соққы күшін тексеріп, жанкүйерлерін таңқалдырды. Желіде бейнежазба жариялаған белгілі спортшы соққы тексергіш арқылы 700 келіден артық көрсеткішке қол жеткізген.
«722 келі. Бұл жаңа рекорд», - деді Назым Қызайбай.
Естеріңізде болса, Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған еді. Ол шешуші сынды Ресей боксшысын айқын басымдықпен жеңді.
Сондай-ақ, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келіде қола жүлдегер атанды.