Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмаққа ауыса ма?

19.03.2025, 13:17

Ол Канеломен» бокстасуға 100 пайыз дайын екенін айтқан

Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмаққа ауыса ма?
©TopRank/DAZN

The Ring басты бокс журналы орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы туралы мақала дайындаған. Seconds Out-қа берген сұхбатында Әлімханұлы «Канелоны» еш қиындықсыз жеңетінін алға тартып еді.

«Канеломен» бокстасуға 100 пайыз дайынмын. Бұл мен үшін оңай болады. Өте оңай жұмыс. Ол бұрынғыдай белсенді емес», - деді Жәнібек.

Бұл жайтқа қатысты The Ring (Сауд Арабиясына тиесілі) Альварес ешқандай боксшы үшін оңай шағылар жаңғақ болмағанын, бірақ Жәнібекпен жекпе-жекте мексикалық мықты қарсыластың қандай болатынын көруі мүмкін деп жазған. Егер P4P жұлдызы шаршы алаңда мүмкіндік берсе, Әлімханұлы деңгейі бір бас жоғары екенін дәлелдеуге мүмкіндік алады деп отыр.

Сонымен қатар The Ring Әлімханұлы орта салмақтағы титулдарынан бас тартып, ауырлау салмаққа ауысқаны жөн деп санайды. Себебі бұл дивизиондағы өзге чемпиондар «Қазақ стилімен» бокстасуға асығар емес.

Ал «Канело» кезекті айқасын 5 мамыр күні  IBF чемпионы Уильям Скуллмен (23-0, 14 КО) Эр-Риядта өткізеді. Былтыр мексикалық  Скуллмен төбелесуден бас тартқан. Соған қарамастан кубалық боксшы бос тұрған титулды жеңіп алды, соның арқасында Саульдің екінші рет абсолютті чемпион атануына мүмкіндігі бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам