Ұлыбританияның танымал боксшысы 6 жылға сотталып кетті

28.03.2025, 03:25

Ол соңғы үш жылда рингке шықпай, есірткі бизнесіне бет бұрған екен

Ұлыбританияның танымал боксшысы 6 жылға сотталып кетті
allboxing

Кәсіпұқой бокстан Ұлыбританияның бұрынғы чемпионы (екінші орта салмақта), 33 жастағы Леннокс Кларк (20-2-1, 8 КО) өз елінде есірткі саудасымен айналысқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Боксшы сатушыларға есірткіні тұрақты түрде жеткізіп отырған, ал күдікке іліккен бойда елден қашып, біраз уақыт Ирландия, Таиланд және Мексикада жасырынып жүрді. Алайда, Англияға оралған сәтте бірден қолына кісен салынып, қамауға алынды.

Кларк 33 жаста және кәсіпқой бокстағы жолын 2013 жылы бастады. Ал, соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың шілдесінде өткізіп, отандасы Марк Хеффроннан бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам