
Боксшы бұған дейін үй шаруасының барлығына көмектесетінін айтқан еді
Жақында ғана Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 48 келіде топ жарған Назым Қызайбай үйіне оралғаннан кейінгі өмірін көрсетті. Үй шаруасына қолғабыс еткен танымал боксшы ас әзірлеп, кеспе кескен сәтін де көрсетті.
«Отбасыңызға үш дүркін әлем чемпионы екеніңізді түсіндіре алмайсыз», - деді Назым Қызайбай.
Боксшы бұған дейін үй шаруасының барлығына көмектесетінін айтқан еді. Ол желіде үйде жөндеу жұмыстарын өзі істеп, шеге қағып, кейін қамыр илеп жатқан сәтінің бейнежазбасын жариялаған болатын.
Естеріңізде болса, Сербияда өткен әлем чемпионатында Назым Қызайбай бокстан ел тарихында әлем біріншілігінде үш рет топ жарған алғашқы спортшы атанды. Чемпион атанғаннан кейін оған Президент арнайы құттықтау жолдап, Наурыз тойында қатар отырды.
Сондай-ақ, ІВА чемпион атанған Қызайбайға 100 мың АҚШ долларын берді. Бұдан бөлек, еліміздің бокс федерациясы да сыйақы ретінде чемпион атанған боксшыларға 100 мың доллар табыстайтынын мәлімдеді.