Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмаққа ауыспақ ниетте

14.10.2023, 17:14

Астана уақытымен 16 қазанда таңертең ол неміс боксшысымен жұдырықтасады

Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмаққа ауыспақ ниетте
Фото ашық дереккөзден

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмаққа ауысуға ниетті екенін мәлімдеді. Мұндай пікірін ол boxingscene.com сайтына айтқан.

Ол алдағы уақытта ТОП-боксшылармен жұдырықтасып, абсолютті чемпион болуды жоспарлап отыр.

«Мен бокс тарихына қазақ стилін қалдырғым келеді. Ол үшін ешқандай кедергі әзірге жоқ. Ешқандай қысым көріп жатқан жоқпын. Мықтымын.

Қазіргі мақсатым – барлық төрт титулды жеңіп алып, абсолютті чемпион  болу. Одан кейін жоғары салмақтардың біріне ауысып, сол жақты шулатқым келеді. Канело, Бенавидес секілді даңқты боксшылармен жұдырықтасуым керек», – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазақ боксшысы 15 қазанда АҚШ-тың Техас штатында неміс боксшысы, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Винченцо Гуальтиеримен жекпе-жек өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам