Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Астанадан кейін Сауль «Канело» Альвареске дайындаламыз – Жәнібек Әлімханұлының менеджері

02.04.2025, 14:15

Мексикалық даңқты боксшы осы күнге дейін Жәнібек Әлімханұлына қатысты бірде-бір рет мәлімдеме жасамаған

Астанадан кейін Сауль «Канело» Альвареске дайындаламыз – Жәнібек Әлімханұлының менеджері
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) Астанадағы жекпе-жегінен кейін Сауль Альвареспен жұдырықтасуға дайындалады. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтан Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Еске салайық, 5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек әлімханұлы француз Ануаэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 KO) жұдырықтасады.

«Біз тек 5 сәуірге дайындалып жатқан жоқпыз. Одан кейін бізді үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Дэвид Бенавидеске (30-0, 24 KO), Канелоға (Сауль Альварес) қарсы дайындаламыз. Мұндай қарсыластарға дайындықты ертерек бастап кеттік. Мексикадан бапкер алдырттық, өйткені олардың стилі өзгеше. Біз Мексика мен қазақ стилік біріктіріп, агрессивті жаңа стиль ойлап табамыз», - деді Берік Сұлтан.

Айта кетейік, Сауль Альварес те, Дэвид Бенавидес те Жәнібектен жоғары салмақта өнер көрсетеді. Бұған дейін америкалық спорт сарапшылары қазақ боксшысына салмақ көтеруге кеңес берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулану 1
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам