Төрехан Сабырхан Астанада ашық жаттығу өткізді (ВИДЕО)

Telegram WhatsApp

Отандасымыз 29 жастағы Чехия боксшысы Иржи Хаукемен шеберлік байқасады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан Астанада көпшілік алдында жаттығуын көрсетті. Жақында кәсіпқой бокста алғашқы дебютін өткізгелі отырған спортшы «Ханшатырда» орнатылған шаршы алаңға көтерілді.

Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне 5 сәуір күні Астана қаласында шығады. Аталған бокс кешінде отандасымыз 29 жастағы Чехия боксшысы Иржи Хаукемен шеберлік байқасады. Хауке осыған дейін 10 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жеткен.

67 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін ол бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған спортшы. Сондай-ақ, сол жылы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Төрехан алтын медаль иеленіп, турнирдің ең үздік боксшысы атағына лайық деп танылған еді.

Желтоқсан айында Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарып, ересектер құрамасына енген Төрехан Сабырхан ақпан айында Болгарияда өткен Странджа халықаралық турнирінде топ жарды.

Айта кететін жайт, жас боксшы "Қазақ Ломаченкосы" деген лақап атқа ие Махмұд Сабырханның туған інісі.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 763 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 123 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 475 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 123 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 393 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›