«Бұрын жеңілгенім рас, қазір жұдырықтасуға толық дайынмын»: Жалолов Дычкомен жекпе-жек туралы

Бұған дейін Дычко мен Жалолов әуесқой бокста бірнеше рет кездесіп, бәрінде қазақстандық боксшы жеңген

Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Өзбекстандық даңқты боксшы Баходир Жалолов қазақстандық Иван Дычкомен жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Тек қос тарап қаражат мәселесін шешіп алса болғаны. Бұл туралы спортшы бүгін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Еске салайық, күні кеше Жалолов қазақстандық БАҚ-қа сұхбат беріп, «Дычко мен үшін қызық емес» деп қысқа қайырған болатын. Бүгін ол кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтып отыр.

«Мен кез келген жекпе-жекке дайынмын. Егер екі тараптың менеджерлері келіссе Иван Дычкомен де, басқасымен де жекпе-жек өткізуге әзірмін. Бұдан біраз жыл бұрын бірнеше рет жеңілгенім рас. Қазір мен толықтай өз бабымдамын», - деді Жалолов 1bol.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 5 сәуірде Астанада өтетін бокс кешінде Баходир Жалолов украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-2, 10 KO) жұдырықтасады. Бұл кештің басты жекпе-жегі Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен француз Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) арасында өтпек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам