Махмұд Сабырхан вьетнамдық боксшыны ұрып құлатты (ВИДЕО)

05.04.2025, 21:19

Төреші үш техникалық нокдауннан кейін техникалық нокаут тіркеді

Махмұд Сабырхан вьетнамдық боксшыны ұрып құлатты (ВИДЕО)
Nomad Promotions

Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсеткен Махмұд Сабырхан вьетнамдық Данг Дак Хайнх есімді боксшыны екінші раундта бүйірден ұрып құлатты.

Жекпе-жек үш минуттан алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, бірінші раундтың өзінде-ақ Махмұд қарсыласын бір рет нокдаунға жіберіп үлгерді. Ал, екінші раундта бүйірден тиген ауыр соққыдан кейін төреші тағы екі нокдаун санап, артынша техникалық нокаут есептеді.

Еске салайық, бұған дейін Махмұдтың өзі қарсыласына көңілі толмайтынын әлеуметтік желіде білдірген болатын. Ұйымдастырушылар оған алғашында филиппиндік боксшыны әкелетін болып шешкен. Артынша Колумбия өкілі келеді деп тағы хабарланды. Алайда, жекпе-жекке небәрі бірер күн қалғанда Вьетнамнан Данг Дак Хайнхты алып келіп отыр.

Бұл – Махмұд Сабырханның кәсіпқой бокстағы дебюті. Данг Дак Хайнх болса төртінші рет жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам