ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Баходир Жалолов украиналық боксшыны әзер жеңді

05.04.2025, 23:20

Бұл жекпе-жекті Қамшыбек Қоңқабаев залдан тамашалады

Баходир Жалолов украиналық боксшыны әзер жеңді
Nomad Promotions

Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде аса ауыр салмақта жұдырықтасқан өзбекстандық Баходир Жалолов (14-0, 14 КО) украиналық Игорь Шевадзуцкий төрешілер шешімімен жеңді.

Бұған дейінгі жекпе-жектерінің бәрін өзбек боксшысы нокаутпен аяқтаған еді. Бұл жолы да жанкүйерлер Жалоловтан нокаут күткен. Алайда, бұл жолы 10 раундқа жоспарланған айқас соңына дейін өтті. 

Осылайша, Баходир кәсіпқой рингтегі он бесінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ал украиналық үшінші рет жеңіліс тапты.

Бұл жекпе-жекті Жалоловтың байырғы қарсыласы – қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев залдан тамашалады. Әуесқой бокста қос боксшы он рет кездесіп, оның жетеуінде өзбек жеңген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам