ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Батыр Жүкембаев титул сарапқа салынған айқаста жеңіске жетті

05.04.2025, 22:30

Бұл оның кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісі

Батыр Жүкембаев титул сарапқа салынған айқаста жеңіске жетті
Nomad Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) кезекті жеңісіне қол жеткізді. Астанада өткен бокс кешінде жерлесіміз ағылшын боксшысы Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) өзара кім мықтыны анықтады.

64,4 келі салмақта жұдырықтасқан Жүкембаев пен Гарднер WBA Continental Gold тұжырымы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеуге таласты. Бұл кездесу он раундқа жоспарланғанымен, көпшілік қазақстандық боксшыдан нокаут күткені рас. Алайда, ағылшын былғары қолғап шебері соңына дейін шыдап бақты. Осылайша, Жүкембаев төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Бұл – Батыр Жүкембаевтың кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісі. Ал Кейн Гарднер осымен бесінші рет жеңілді.

Еске салайық, аталған бокс кешінде бүгін ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар жұдырықтасып, екеуі де қарсыластарын нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, Балауса Мұздымен филиппиндік боксшы қыздан төрешілер шешімімен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам