ЛЧ-ға Марат Достаевпен болжам! ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Қоңқабаев Жалоловқа шапан жауып құрмет көрсетті (ВИДЕО)

06.04.2025, 15:25

Қос боксшы әуесқой бокста 10 рет кездесіп, үшеуінде Қамшыбек жеңген

Қоңқабаев Жалоловқа шапан жауып құрмет көрсетті (ВИДЕО)
скрин Instagram

Бокстағы байырғы қарсыластар қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Жалолов тағы кездесті, бірақ бұл жолы шаршы алаңда емес, мейрамханада.

Аса ауыр салмақта әлі жеңіліп көрмеген Баходир Жалолов Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде украиналық Игорь Шевадзуцкиймен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңді. Елорда төріндегі айқастан соң Баходирді Қамшыбек қонақ қылып күтіп, үстіне шапан жапты.

«Шаршы алаңда қарсылас болсақ та, өмірде доспыз», - деді Қоңқабаев.

Жалпы, соңғы жылдары дәл осы екі алыптың айқасын асыға күтетіндер көп еді. Екеуі әуесқой бокста 10 рет кездесіп, соның жетеуінде Баходир Жалолов жеңіске жетсе, қалған үшеуінде Қамшыбек Қоңқабаевтың мерейі үстем болған.

Бірақ жылдың басында Қоңқабаевтың бокспен қоштасқаны белгілі болды. Ал Жалолов кәсіпқой боксқа бет бұрғанымен, үшінші рет Олимпиада ойындарын бағындырғысы келетінін жоққа шығармады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам