Садриддин Ахмедов мексикалық тәжірибелі боксшымен жұдырықтасады (ВИДЕО)

09.04.2025, 10:56

Ол Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутерімен жұмыс істесіп жатыр

Садриддин Ахмедов мексикалық тәжірибелі боксшымен жұдырықтасады (ВИДЕО)
Eye of the Tiger Management

Алғашқы орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) 19 сәуірде АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – мексикалық Элиас Эспадас (23-6, 16 КО).

Кәсіпқой бокс кеші Коммерс қаласында (Калифорния) өтеді. Садриддин мен Элиастың жекпе-жегі осы кештің басты оқиғасы болмақ.

Жекпе-жекке тура он күн қалғанда қос боксшы көз атысу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, ашық жаттығу өткізіп, фотосессия да жасады. Аталған рәсімнің видеосын кешті ұйымдастырушы 360 Promotions компаниясы әлеуметтік желіде жариялады.

Айта кету керек, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокс мансабын Канадада бастап, кейін Қазақстанға оралды. Былтырдан бері ол АҚШ-қа қоныс аударып, Геннадий Головкиннің промоутері болған Том Леффлермен жұмыс істесіп жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам