
Олардың біріне жарақатынан кеше ғана айыққан Сәкен Бибосынов та барады
Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен Ресейдің Кисловодск қаласында боксшылардың бірлескен оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Осы дайындыққа қатысқан бір құрам Хабаровсктегі Константин Коротковты еске алуға арналған XVI халықаралық турнирде өнер көрсетеді.
Аталған жарысқа Ресей, Моңғолия, Тунис, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан, Сенегал, Конго, Куба, Қытай, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь, Грузия, Оңтүстік Корея және Қазақстаннан 150 боксшы қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, боксшылардың екінші тобы 10-16 сәуір аралығында Бакуде өтетін «Жібек жолы» турнирінде бақ сынайды.
«Жібек жолы» турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар:
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Хабаровскідегі турнирге мына спортшыларды апарады: