Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

IBO Геннадий Головкиннің 20 жыл бұрынғы видеосын жариялады

06.01.2024, 18:23

Сол жылы ол әлем чемпионы атанды

IBO Геннадий Головкиннің 20 жыл бұрынғы видеосын жариялады
Спорт-Экспресс

Әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 2003 жылы әлем чемпионатында түсірілген видеосы тарады.

Видеороликты Халықаралық бокс ұйымы (IBO) X әлеуметтік желісіндегі (бұрынғы Twitter) парақшасында жариялаған. Видео 2003 жылы Тайланд астанасы Бангкокте өткен әлем чемпитонатының финалында түсірілген. Онда Геннадий Головкин украиналық боксшы Олег Машкинмен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен және әлем чемпионы атанған.

«Геннади Головкин 2003 жылы Бангкокта өткен әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында украиналық Олег Машкинды тоқтатты», - деп жазылған видеороликтің жазбасында.

Айта кетейік, 2004 жылы Головкин Афины олимпиадасына қатысып, жарыстың финалында Ресей боксшысына жеңілді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам