Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Елеусінов құрамаға орала ма? Тәшкенбай басқа елдің атынан шыға ма? - Азиз Қожамбетов

07.01.2024, 12:12

Биыл қазақ боксы үшін олжалы жыл болды. Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасы төрт алтын медаль еншіледі. Финалға бес қазақ боксшысы шығып, оның төртеуі жеңіске жетті.

Бірақ боксшыларымыздың кейінгі нәтижесі сиырқұйымшақтанып кетті. Ташкентте топ жарған жігіттердің көбі Азия ойындарында биіктен көріне алмады. Себебі неде? Тоқмейілсіп кетті ме, чемпиондар жаттығу залына емес, той-томалаққа әуес болып алды ма? Ұлттық құрама жігіттерінің босаңсып кеткенін Федерацияның ресми өкілі де мойындап отыр. 

Бүгінгі подкастың қонағы - Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов.

Әзиз Қожамбетов әңгімені "Чемпиондар түні" бокс кешінен бастады. Рейтинг бермейтін, лицензия ұстатпайтын мұндай турнир сонда не үшін керек? Федерация өкілі Асыланбек Шымбергенов оңбай жеңілген турнирдің не мақсатта өткізілгенін түсіндірді.

Одан бөлек, қазір профессионал бокста жүрген Данияр Елеусіновтің ұлттық құрамаға оралуы жайлы әңгіме сөз болды. Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Данияр Елеусінов әуесқой боксқа (ұлттық құрамаға) оралатын болса, есік ашық. Бірақ ол өзін дәлелдеп, бірнеше турнирге қатысуы керек.

Федерация өкілі қазақстандық боксшылардың төрешілер тарапынан әділетсіздікке жиі ұшырайтынын жасырмады. Азия ойындарында Асыланбек Шымбергеновтің жеңілісінен кейін Ұлттық олимпиада комитеті шағым түсірген. Бірақ нәтижесіз.

Былтыр Қазақстан бокс федерациясы AIBA мүшелігінен шығу жағдайын да қарастырған. Бірақ соңында прагматикалық шешім қабылдап, ұйымда қала беруді ұйғарған.

Былтыр Қазақстан бокс федерациясы AIBA мүшелігінен шығу жағдайын да қарастырған. Бірақ соңында прагматикалық шешім қабылдап, ұйымда қала беруді ұйғарған.

Биыл Олимпиада ойындарынан бөлек, ерлер арасында да, әйелдер арасында да әлем чемпионаты өтпек. Яғни, AIBA бокстан әлем чемпионатын жыл сайын ұйымдастырып, жүлде қорын да көбейткелі отыр. Әзиз Қожамбетов жүлде қорының күрт көбеюі боксшыларға кері әсерін тигізе ме деп алаңдайды. Өйткені, 400 мың доллар алған боксшы ақшаға масайып, жүлдесі аз - бірақ өте маңызды турнирлерге қатысудан бас тартуы мүмкін.

Федерация өкілі боксшылардың да адам екенін еске салып, олардың жетістігіне жеке басының мәселесі де тікелей әсер ететінін жеткізді. Мәселен, 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Серік Сәпиевтің ресейлік Андрей Замковойдан жеңілуіне қандай фактор әсер еткенін айтып берді.

БІРІНШІ БОЛ подкастында айтылған сөз Қазақстан бокс федерациясы басшылығының жанына батыпты. Федерация өкілі спорт журналисі Аслан Қаженовтың мәлімдемесімен келіспейтінін айтып, өз позициясын білдірді.

Одан әрі әңгіме басқа елдің азаматтығын алып жатқан боксшыларымыз туралы өрбіді. Мәселен, Владислава Кухта дейтін боксшы Венгрия азаматтығын алған. Федерацияның атқарушы директоры спортшылардың арасындағы мұндай "үрдіске" қалай қарайтынын айтты.

Жалпы, Венгрия тарапы Бекзат Нұрдәулетовке де құда түскісі келген. Бірақ Бекзат бұл ұсыныстан бас тартқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам